«Nur Otan» партиясының мүшесі, өткен жылдың «Жас депутат» атағының иегері Геннадий Шиповских жастармен бір толқында: «Тиктокта ғана емес, қалғанының барлығында бармын»
Жаңалықтар
Университет

«Nur Otan» партиясының мүшесі, өткен жылдың «Жас депутат» атағының иегері Геннадий Шиповских жастармен бір толқында: «Тиктокта ғана емес, қалғанының барлығында бармын»

Бүгін TAU университетінің студенттері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских мырзамен кездесті.

 «Nur Otan» партиясының мүшесі, өткен жылдың «Жас депутат» атағының иегері өз сөзінде «ашық сұхбатты» ұнататының, үнемі трендте болуға тырысатынын атап өтті. «Тиктокта ғана емес, қалғанының барлығында бармын» деп жарасымды әзілімен білімгерлерге күлкі сыйлады. Жастардың көзімен депутаттың «стеоротипі» қандай екендігі туралы сөз қозғап, талқыладық. Кез келген адамның балалық арманы болатыны секілді, ел ағасының арманы ұшқыш болу екен. Ал депутаттық қызметке келгендегі мақсаты, болашақ арманы - халық игілігі үшін бірлесіп жұмыс жасау. Келешекке өзінің қадамын нық басқан өскелең ұрпақ үшін, олардың дамып, жеке көзқарастары қалыптасуы үшін өзінің оқып, ұнатқан, тәрбиелік мәні зор кітаптар мен фильмдерді ұсынды.

Сонымен қатар білімгерлермен студенттік шақтағы қызық оқиғалармен, өз ақыл - кеңесімен бөлісті. Және қазіргі жастар мәдениет тілін, «Қазақ тілін» трендке айналдырса, қазақилықты дамытса екен деген өз арман-тілегін де білдірді.

Геннадий Шиповскихке қызықты, танымды сұхбат үшін алғыс білдіреміз!

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы