ВЭК НААР сапары
Жаңалықтар
Кафедра "Экономика и инновационный бизнес"

ВЭК НААР сапары

Құрметті білім алушылар, ПОҚ және қызметкерлер!

2021 жылғы 12-14 сәуір аралығында "Тұран-Астана" университетінде 8d04101-Экономика білім беру бағдарламасын мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (арта) сыртқы сараптау комиссиясына online – форматта сапар өтеді.

Сыртқы сапар сарапшылар тобының жетекшісі арта үйлестірушісімен бірлесіп әзірлеген және университет басшылығымен келісілген бағдарламаға сәйкес өтетін болады. Бағдарламаға сәйкес сыртқы сапар шеңберінде ССК мүшелерінің ЖОО басшылығымен, профессорлық-оқытушылық құраммен, докторанттармен кездесуі өтеді, түрлі фокус-топтармен сұхбат, аудиторияларды, зертханаларды және практика базаларын визуалды тексеру жүргізіледі, аккредиттелетін білім беру бағдарламасы бойынша құжаттар зерделенетін болады.

Әріптестерімізге 8D04101-Экономика білім беру бағдарламасын сырттай бағалау процедурасынан сәтті өтуге тілектеспіз!

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр