"Қаржы" мамандығы бойынша СҒЗЖ жыл сайынғы республикалық конкурсы - II кезең
Жаңалықтар
Кафедра "Финансы, учёт и оценка"

"Қаржы" мамандығы бойынша СҒЗЖ жыл сайынғы республикалық конкурсы - II кезең

Қаржы "мамандығы бойынша СҒЗЖ жыл сайынғы республикалық конкурсы - II кезең

ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің 22.02.2021 ж. № исх: 14-2/331-1-ВН хатының негізінде "Тұран-Астана" университеті "5В050900-Қаржы"мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми – зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсын (бұдан әрі – СҒЗЖ) ұйымдастыру және өткізу бойынша базалық жоғары оқу орны болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты базалық жоғары оқу орындарына Қазақстанның жоғары оқу орындарының ректорларына хаттар (2021 жылғы 2 наурыздағы №191 хат) жіберілді және бұл туралы ақпарат университеттің сайтында (<url>) орналастырылды. https://tau-edu.kz/events/nirs).

2021 жылғы 13 сәуірде СҒЗЖ республикалық конкурсының II кезеңінің ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті. Базалық ЖОО ұйымдастыру комитетінің мүшелері ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынымдарына сәйкес студенттердің келіп түскен ғылыми жұмыстарын жинау және өңдеу бойынша жұмыс жүргізді.

Ұйымдастыру комитетінің төрайымы, "Тұран-Астана" университетінің "Қаржы, Есеп және бағалау" кафедрасының профессоры Зейнегүл Қылышбекқызы Есымханова "5В050900 – Қаржы"мамандығы бойынша СҒЗЖ республикалық конкурсының ІІ кезеңін өткізу барысы туралы ақпарат берді. Ол 2021 жылғы 10 сәуірге дейін "5В050900-Қаржы"мамандығы бойынша СҒЗЖ республикалық конкурсының II кезеңіне қатысу үшін студенттердің үздік ғылыми – зерттеу жұмыстары базалық ЖОО-ға түскенін хабарлады. Мәселен, "Тұран-Астана" университетіне (базалық ЖОО) Қазақстанның 24 жоғары оқу орнынан студенттердің 41 ғылыми жұмысы келіп түсті (мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде).

Ұйымдастыру комитетінің төрағасы ғылыми жұмыстар плагиатқа қарсы рәсімге тексеруден өткенін және "5В050900 – Қаржы"мамандығы бойынша СҒЗЖ республикалық конкурсының II кезеңінің конкурстық комиссиясына одан әрі қарау үшін берілгенін атап өтті. "5В050900 – Қаржы" мамандығы бойынша СҒЗЖ республикалық конкурсының II кезеңінің конкурстық комиссиясының отырысы 2021 жылғы 16 сәуірде өтеді, оның нәтижелері бойынша конкурстың қорытындылары шығарылатын болады.

"5В050900 – Қаржы" мамандығы бойынша СҒЗЖ республикалық конкурсының ІІ кезеңінің қорытындысы базалық ЖОО сайтында орналастырылады.

 

Құрметпен,

Ұйымдастыру комитеті

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр