Күміс және қола
Жаңалықтар
Активности

Күміс және қола

Біздің университетте көптеген талантты және жарқын студенттер бар. Олардың кейбіреулері университет өміріне қатысып қана қоймай, халықаралық және республикалық жарыстарда спортта жоғары нәтижелер көрсетуде.

Мәселен, "халықаралық құқық" мамандығының 1 курс студенті Дильназ Қазбекқызы Нұр-сұлтан қаласында өткен "Эншин-каратэ" бойынша іріктеу турнирінде күміс медальға ие болды. Бұл Қазақстан Республикасының Чемпионатына іріктеу болды.

Қазбекқызы Дильназ киокушинкай-кан каратэдан спорт шеберіне үміткер.

"Психология" мамандығының 2 курс студенті Ренатов Қамбар қоян-қолтық жан-жақты күрес бойынша 3 орын алды. Ол сондай-ақ "Эншин-Каратэ"жаттықтырушысы және күрескері

Біздің спортшылардың жаттықтырушысы "Тұран-Астана" университетінің 2 курс студенті-Башмаков Денис. Денис-Азия, Қазақстан және Еуропа чемпионы.

Балалар белсенді жаттығады және жаттығу жиынын өткізеді.

 

Жастар ісі жөніндегі Комитет.

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр