Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Көркем академиясының академигі, Жанұзақ Мүсәпірдің «Тәуелсіздік – Тұғырым! Құдіретім-Қылқалам!» атты жеке көрмесі және студенттермен шығармашылық кездесуі
Жаңалықтар
Университет

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Көркем академиясының академигі, Жанұзақ Мүсәпірдің «Тәуелсіздік – Тұғырым! Құдіретім-Қылқалам!» атты жеке көрмесі және студенттермен шығармашылық кездесуі

"Тұран-Астана" университетінде "Дизайн, сервис және туризм" кафедрасының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Көркем академиясының академигі, Жанұзақ Мүсәпірдің «Тәуелсіздік – Тұғырым! Құдіретім-Қылқалам!» атты жеке көрмесі және студенттермен шығармашылық кездесуі өтті.

          Жанұзақ Керімбекұлының көзі қарақты талғамы биік көрермендер назарына ұсынған Құрманғазы, Дина, Махамбет, Абай, Шәкәрім, Жамбыл сияқты тарихи тұлғалар туралы деректі фильмдері өте жоғары бағаланады.  

          Сондай-ақ көкейкесті тақырыптарды қамтыған тартымды бағдарламалары да заман мен қоғам үнін жеткізе білді. Еліміздің сұлу табиғатын, тұлпардың тұяғы дүбірлеткен кең даланы, халқымыздың ұлттық дәстүрін айшықтаған тамаша туындылары бейнелеу өнеріндегі өзіндік қолтаңбасын анық көрсетіп тұр.

            Шығармашылық кездесуде танымал суретшілер мен дизайнерлерде қонақ болып автордың шығармашылығы мен еліміздегі сурет өнері жайлы өз пікірлерімен бөлісті. Олардың қатарында ҚР Суретшілер одағының Басқарма төрағасы, ҚР Көркем Академиясының Академигі Өмірәлі Исмайлов. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Көркем Академиясының Академигі, суретші  Ерлан Айтуаров. Филология ғылымдарының кандидаты Күмісбекұлы Мұхтар. ҚР Көркем Академиясының корреспондент мүшесі Сырғабаев Алмас болды. Кеш соңында Жанұзақ Керімбекұлының шығармашылығы туралы студенттердің сұрақтарымен жалғасты.

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр