Университет
2022 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Әділов Санжар Аскенұлы "Тұран-Астана" университетінің студенттері үшін көшпелі практикалық сабақ өткізді. Білім алушылар Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің жедел басқару орталығына шақырылды.
Студенттер іс жүзінде ЖБО-ның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен және жедел басқару жұмысымен танысты. Атап айтқанда, азаматтардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету мақсатында ҚР ІІМ Жедел басқару орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Бұдан әрі білім алушыларға практикалық дағдыларды пысықтау, баллистикалық зерттеулер негізінде қылмыстарды тергеудің озық әдістерін зерделеу үшін тергеу-криминалистикалық полигондағы жедел-криминалистикалық Департаментке бару мүмкіндігі берілді.
Патриоттық тәрбие беру мақсатында генерал-майор С.А. Әділов студенттер үшін көрме залында егжей-тегжейлі экскурсия өткізді, онда Қазақстан Республикасында ішкі істер органдарының қалыптасу тарихы туралы сөз қоғады, сондай-ақ Отан алдындағы қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлер туралы бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының дамуының әртүрлі кезеңдерінде оның қаруында тұрған нысанды киім-кешек, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің экспонаттары көрсетілді. Экскурсия барысында студенттер қызметтің қиындықтары, есте қаларлық қылмыстық істер туралы сұрақтар қойды. Мұражай экспозициялары мен экскурсоводтың қызықты әңгімесі болашақ мамандарды бей-жай қалдырмады, себебі студенттер еліміздегі қылмыстылықпен күресетін ерекше заттар мен құжаттарды көре алды.