«Абай әлемі» атты үздік ғылыми жұмыстар байқауында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс магистранты жүлдегер атанды
Жаңалықтар
Университет

«Абай әлемі» атты үздік ғылыми жұмыстар байқауында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс магистранты жүлдегер атанды

Абайды оқы, таңырқа...

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойының аясында Н.Назарбаев қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырып,  магистранттар мен студенттер арасында өткізген «Абай әлемі» атты үздік ғылыми жұмыстар байқауында университетіміздің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс магистранты Калиакбар Үсемхан жүлдегер атанды. Оның аталмыш жұмысына филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.М.Искакова ғылыми жетекшілік жасаған.

Аталмыш байқау ұлы ойшыл шығармашылығын насихаттап, талантты жас ғалымдарды анықтап, ғылыми жұмыстарын көпшілікке тарату бағытында қолдау көрсетуді басты мақсат етіп алған.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп түскен ғылыми жұмыстардың ішінен жеңімпаздарды айқындау, әрине қазылар алқасындағы абайтанушы ғалымдарға оңайға соқпағаны анық. Еңбектердің тың идеясына, нақтылығына, өзіндік ерекшеліктеріне басты назар аударылған.

Көптің ішінен топ жарып шыққан магистрантымыз Калиакбар Үсемхан мен жетекшісі Жазира Мақсұтқызына ғылыми-шығармашылық табыс тілейміз!

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр