Зияткерлік даму ағартушылық орталығының директоры доктор Джо Гю Юнмен кездесу
Жаңалықтар
Университет

Зияткерлік даму ағартушылық орталығының директоры доктор Джо Гю Юнмен кездесу

Желтоқсанның 9-да, дүйсенбі күні ТАУ университетінде Зияткерлік даму ағартушылық орталығының директоры доктор Джо Гю Юн басқарған делегациямен жұмыс бабындағы кездесу өтті. Корей делегациясының тарабынан Орта Азияда жауапты маман доктор Пак Сон Со, Қырғызстан Рсепубликасындағы филиалдың директоры Чон Чэ Кын, Өзбекстан Республикасындағы филиалдың директоры Чон Мун, Қазақстан Республикасының өкілдері Ан Сон У мен Ким Сон Го және Ресей Федерациясының өкілі Пак Чон Хон кездесуге қатысты.

«ТАУ» университетінің тарабынан бұл кездесуге ректор Жапарова Гүлжамал Әлкенқызы мен әлеуметтік және жастар саясатының проректоры Нұрпейісов Сағат Елубайұлы қатысты.

Джо Гю Юн Қазақстанға ҚР Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігімен және Нұр-Сұлтан қаласындағы есірткі мен қылмыс жөніндегі  Біріккен Ұлттар Ұйымының Басқармасымен ұйымдастырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Халықаралық конференцияға қатысу мақсатымен келіп отыр.

Корей делегациясының TAU университетіне келу мақсаты – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша білім бағдармаларының дамуы жөнінде келіссөздер жүргізу, жоғары және қосымша білім саласында серіктестік мүмкіндіктерін қарастыру және университет басшылығын Кореядағы білім саласындағы көшбасшылардың бүкіләлемдік форумына шақыру.

Университет қонақтары сонымен қатар жоғары оқу орны жайлы ақпарат алып, университеттегі білім бағдарламаларымен танысып өтті.

Атап айтсақ, осыдан бұрын Юн мырза ТАУ университетіне келіп сыни ойлау тақырыбында дәріс оқыды.

Корей тарабы біздің университетімізде көшбасшылық, эмоциялық зият, сыни ойлау тақырыптарында дәріс, семинар, тренинг ұйымдастыру жөнінде қызығушылық танытты. Тараптар осы және басқа мәселелер бойынша тығыз байланыс пен серіктестік  орнату жөнінде  келісті.

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр