Біз біргеміз!
Жаңалықтар
Университет

Біз біргеміз!

Біздің елімізде орын алып отырған су тасқыны соңғы 80 жылдағы ең үлкен табиғи апатқа айналды, ондаған елді мекен сыртқы байланыс әлемінен шектеліп, мыңдаған тұрғындар эвакуацияланды.

Бұл күндері университет еріктілері ЖК «Жастар рухы» қолдауымен ұйымдастырылған «Күшіміз бірлік» акциясына қатысып, қолдауымен су тасқынына қарсы іс-шараларға, атап айтқанда, Ақмола облысының Аршалы ауданындағы жағалау сызығын нығайтуға қатысты.

Университет ұжымы мен студенттері гуманитарлық көмекті жинауға және сұрыптауға,ақпараттық  іс-шараны жариялауға белсенді қатысады.

Көмектің алғашқысы «AMANAT» партиясының қалалық филиалы жанындағы гуманитарлық көмек жинау пунктіне келіп түсті.

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы