Құрметті «Туран-Астана» университетінің түлектері!
Бітірушілерге Құттықтау
Ректорат пен профессор-оқытушылар құрамының атынан сіздерді өмірлеріңіздің маңызды кезеңінің табысты аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер білімге, жаңалықтарға, достық пен қиындықтарды жеңуге толы үлкен жолдан өттіңіздер. Біздің университет қабырғасында алған білімдеріңіз бен біліктеріңіз болашақтарыңыздың берік негізі болатынына сенімдіміз.
Бүгін біз сіздермен бірге болған, қабілеттеріңіз бен таланттарыңызды ашуға көмектескен ұстаздарыңызға алғысымызды білдіреміз.
Ата-аналарыңызға да ерекше алғыс пен құттықтау жолдаймыз – олар осы жылдар бойы сіздерге қолдау көрсетіп келді.
Біз әрқайсыңызбен мақтанамыз. Жылдар бойы алған білімдеріңіз табыстың кілтіне айналсын. Армандаудан, батыл қадам жасаудан қорықпаңыздар, алға ұмтылыңыздар!
Әрдайым есте сақтаңыздар: сіздер – біздің үлкен университеттік отбасымыздың бір мүшесісіздер. Біз сіздерге сенеміз және жаңа жетістіктеріңізбен сіздерді асыға күтеміз!
Сіздерге зор денсаулық, жігер, асқақ мақсаттар мен ауқымды жобалар тілеймін. Кәсіби жолдарыңыз сәтті болсын!
