Дуальды оқыту-студенттерді практикалық тұрғыда даярлаудың негізі
Жаңалықтар
Университет

Дуальды оқыту-студенттерді практикалық тұрғыда даярлаудың негізі

2023 жылдың 7 қыркүйегінде "Тұран-Астана" университетінің «Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасының 1 курс студенттеріне дуальды оқыту бойынша алғашқы сабақ өтті. Тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі М. М. Қабдуалиев және ПД ОК аға криминалисті, полиция майоры М. Асқаров «Қылмыстық жауаптылыққа тарту жасы. Оқиға орнында суретке және бейне-суретке түсіру» тақырыбында дәріс оқыды.

Студенттер дәрісті үлкен қызығушылықпен тыңдады. Лектор қылмыстық жауап кершілік жасының заң намалық аспектілерін, соның ішінде заң намадағы өзгерістерді және оның принциптеріне тоқталды. Осы тақырып бойынша статистикалық мәліметтер мен сарапшылардың пікірлері көрсетілді. Дәріс барысында қылмыстық істерді тергеуде фотография мен бейне түсірілімді дұрыс пайдалану шешушір өлатқарғанын дәлел дейтін нақты жағдайларды ұсынылды.

Кездесу форматы өте тартымды әрі қызықты өтті. Қатысушылар полиция қызметкерлерінің жұмысы туралы құнды ақпарат пен нақты түсінікалды, криминалистикалық шабаданмен танысты, сұрақтар қоюға және өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік алды.

Дәріскерлер дәріс өткізуде және аудиториямен өз арабайланыста жоғары біліктілік пен кәсібилік танытты.

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы