МАГИСТРАТУРА МЕН ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ 2023-2024
МАГИСТРАТУРА МЕН ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ 2023-2024
Тұран-Астана" университетінде біліміңізді магистратура және докторантура деңгейінде жалғастыра аласыз. Біздің университет кадрларды даярлаудың "бакалавриат – магистратура – PhD докторантура" заманауи үш сатылы жүйесі бойынша білікті мамандар даярлайды.
Кадрларды даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары базасында үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1) ғылыми-педагогикалық, оқу мерзімі кемінде екі жыл;
2) бейінді,оқу мерзімі кемінде бір жыл;
3) ақпараттық жүйе,оқу мерзімі 1,5 жыл.
18 қарашадан 11 желтоқсанға дейін магистратураға түсуге кешенді тестілеуге (КТ) қатысу үшін өтініштер қабылданады.
25 қазаннан 10 қарашаға дейін магистратураға және докторантураға түсуге өтініштер қабылданады. Өтініштерді жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары қабылдайды. Біздің команданың қатарында болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Бейіндік бағыт бойынша оқуға түсу үшін 3 емтихан тапсыру қажет: Логика және 2 бейіндік пән.
Әр пән бойынша кемінде 7 балл, жалпы балл саны - 50 немесе одан көп балл жинау қажет.
Жылдық төлем 700 000 теңге. 4 бөліп төлуге болады: 30%, 20 %.
Құжаттар тізімі:
1) Жоғары білім туралы диплом,қосымшасымен(түпнұсқа + көшірме)
2)Кешенді тестілеуді (КТ) тапсырғаны туралы сертификат
3) № 075 нысанды медициналық анықтама + флюорография
4) 3 * 4 өлшемді 8 фотосурет
5) жеке куәліктің көшірмесі
6) кадрлар бөлімінен жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін)
7)Тіркеу куәлігінің немесе әскери билеттің көшірмесі (күндізгі оқу нысанындағы жасөспірімдер үшін)
8) TOEFL, IELTS, DSH, TFI, DELF, DALF, TCF сертификаты (бар болса)
Мамандықтар тізімі:
1) Экономика
2) Экономика және зияткерлік меншікті басқару
3) Менеджмент
4) HR-Менеджмент
5) Білім берудегі менеджмент
6) Жобалық менеджмент
7) Есеп және аудит
8) Қаржы
9) Мемлекеттік және жергілікті басқару
10) Педагогика және психология
11) Құқықтану
12) Қазақ тілі мен әдебиеті
13) Ақпараттық жүйелер
14) Туризм
15) Мейрамхана және қонақ үй бизнесі
8d04101 "Экономика"мамандығы бойынша философия докторы (PhD)
Оқу мерзімі: 3 жыл
Докторантураға түсуге арналған құжаттар тізбесі:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат;
4) шет тілін меңгергенін растайтын сертификат;
5) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматтағы 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама.
6) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ немесе еңбек қызметін растайтын жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған өзге де құжат
7) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа да құжаттар);
8) КТ-сертификаттары.