Университет
Көліктегі полиция департаментінің криминалист маманы өткізген тәжірибелік арнаулы дәрісі
7 ақпанда "Тұран-Астана" университетінің ұлттық және халықаралық құқық кафедрасының алаңында полиция майоры, криминалист Арман Рысқұлұлы Завотпаев "Криминалистикалық есептер: қалыптастыру мен жүргізудің жалпы ережелері" тақырыбында дәріс өткізді.
Криминалист студенттерге сараптаманың негізгі түрлерін жүргізу әдістерін айтып, тәжірибе көрсетті. Студенттер іс жүзінде қол іздерін анықтаудың және бекітудің кейбір әдістерімен танысты. Сондай-ақ, студенттерге үнемі толықтырылып отыратын қол іздерінің базасын сақтайтын бағдарламалық жасақтама туралы айтылды.
Шақырылған практиктердің қатысуымен практикалық сабақтар өткізу білім алушыларға теориялық білімдерін тереңдетуге көмектеседі.