Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
Жаңалықтар
Разное

Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу

«Уақыт бізді таңдады»

Ауғанстанға совет әскерінің басып кіргеніне 40 жыл толу қарсаңында «ТАУ» университетінде Ауғанстан және жергілікті соғыстардың ардагерлерімен  кездесу өтті. Университетіміздің қонақтары өмірлерінің бір тарауы болып өткен соғыс жайлы айтып, жолдастарынан айырылу күйініштерімен бөлісті, студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді.

Кездесудің бас кейіпкерлері ретінде Ходжиев Юрий Борисович, Осокин Юрий Владимирович пен Абуталипов Бакытбек Кокинович мырзалар сөз сөйледі. Студенттер әскери борышын өтеген жауынгерлердің батырлығы мен ерліктері жайлы білді. Экранда соғыс хроникасының кадрлары көрсетіліп, сахнадан ауған жерінде шыққан өлеңдер естілді. Кездесуге қатысушылар Ауғанста және барлық жергілікті соғыстар мен қақтығыстарда қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске түсіріп құрметтеді.

Айқастар аяқталса да, тарихта мәңгі қалады. Ауған және басқа жергілікті соғыстар да келмеске кетті. Дегенмен, жауынгерлер қанымен, аналар жасымен жазылған соғыс тарихы халық есінде мәңгі сақталады. Әкесіз қалған жетімдердің есінде қалады. Соғысқа қатысқандардың жандарында мәңгі өшпес.

Ардагерлерімізге рухани қажырлылықты, ерлік пен оптимизмді тілейміз!

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр