28.02.2023 ж. университет студенттері арасында «Моральдық экспресс» брейн-ринг өткізілді
Жаңалықтар
Университет

28.02.2023 ж. университет студенттері арасында «Моральдық экспресс» брейн-ринг өткізілді

2023 жылдың  28 ақпанда Гуманитарлық-заң мектебі мен «Бизнес 
және ақпараттық технологиялар» мектебінің төрт студент 
командасының қатысуымен «Моральдық экспресс» атты брейн-
ринг өткізілді. 
Біздің студенттер жеке тұлғаның адамгершілік мәдениетін 
қалыптастырудың негізгі принциптері, этикет нормалары, мінез-
құлық мәдениеті және этикалық мәселелерді талдау қабілеті 
бойынша білімдерін тамаша көрсетті.
Брейн-ринг қорытындысы бойынша 1 орынды Гуманитарлық-заң 
мектебінің «Феникс» командасы; 2 орынды – «Бизнес және 
ақпараттық технологиялар»  мектебінің «Парасат» командасы; 3 
орынды – Гуманитарлық-заң мектебінің «Bad&Good» командасы 
иеленді.
Келесі номинациялар ойнатылды:
- «Ең үздік команда капитаны» -  Мн-22-1 тобының студенті Умиртай 
Феруза ("Парасат" командасы);
- «Сыни ойлау» - «Феникс» командасы;
- «Жеңіске ұмтылғаны үшін» - «Bad&Good» командасы;
- «Көрермендер көзайымы сыйлығы» - «Tempus» командасы.

Сондай-ақ, аталған іс-шараны өткізу барысында «Креативті 
жастардың жаңа адамгершілігі» атты байқауға ұсынылған TikTok 
бейнероликтер көрсетіліп, қорытындылар шығарылды. Бұл 
байқаудың жеңімпазы Мн-22-1 тобының студенттерінің видеосы 
болды.  
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және осы іс-шаралардың барлық 
қатысушыларына зор алғысымызды білдіреміз!

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр