Назарбаев университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Айгүл Ісімақованың тікелей желідегі дәрісінде
Жаңалықтар

Назарбаев университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Айгүл Ісімақованың тікелей желідегі дәрісінде

2020 жылдың 30-қазанында «Тұран-Астана» университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенттері Нұр-сұлтан қаласындағы Назарбаев университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Айгүл Ісімақованың COVID-19 дәріс сериясы аясында «Мұхтар Әуезов және алаш аманаты» атты тақырыпта өткізген онлайн дәрісіне қатысып, теориялық білімдерін тереңдете түсті.

М. Әуезов бүкіл саналы ғұмырын абайтануға арнап, бұл істі абыроймен атқарып, социалистік реализм құрсауындағы қатаң цензуралық кезеңде Абайды танытуға бағыштады. «Қазақ жолы – Алаш жолы – «Абай жолы» екенін, елімен бірге өзі де «тар жол тайғақ кешіп», «қилы заманды» өз жүрегінен өткізген М.Әуезов алаш аманатын біздің дәуірге жеткізді. Ғалым А.Ісімақованың осы мәселелерді кеңінен талдаған танымдық-тағылымдық мәні зор дәрісі студенттердің қызығушылығын тудырды.

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр