Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған Жалпыреспубликалық ашық сабақ
Жаңалықтар
Разное

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған Жалпыреспубликалық ашық сабақ

Мерекелік іс-шараның спикерлері ретінде Тұран-Астана университетінің ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Жапарова Г.Ә., Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, тарих ғылымдарының докторы Тасболатов А.Б., ҚР Парламентінің депутаты, экономика ғылымдарының докторы Никитинская Е.С., Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму басқармасының басшысы Рахманберды Т. А. және «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Есжанов Сержан қатысты.

Спикерлер Тұңғыш Президенттің тағдыршешті көшбасшылығының 30-жылдық шежіресі туралы, осы мерекенің мағыналық және идеологиялық маңыздылығын баса айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік Қазақстанның қалыптасу тарихындағы рөлі мен еңбегін атап өтті.

Осы күні ТАУ студенттері Назарбаев орталығында, Бейбітшілік пен келісім сарайында және ҚР тұңғыш Президентінің мұражайында өткен көрмелерге қатысты.

Үздік студенттер «Тұран-Астана» университетінің ректоры атынан алғыс хаттармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Мерекелік іс-шара студенттер дайындаған концертпен аяқталды.

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр