Университет
2025 жылғы 18 сәуірде «Туран-Астана» университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында халықаралық құқық пәні бойынша республикалық олимпиада өткізіледі.
Олимпиаданың мақсаты – халықаралық құқық саласындағы болашақ заңгерлердің кәсіби құзыреттерін дамыту, дарынды жастарды анықтау және еліміздегі университеттер арасындағы академиялық байланыстарды нығайту.
Барлық қатысушыларға сәттілік, әділ бәсеке және жарқын жеңістер тілейміз!