Халықаралық апталықтың қорытындысы
Жаңалықтар

Халықаралық апталықтың қорытындысы

Г.Р.Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университетінің (Ресей) «Тұран-Астана» университетіндегі Халықаралық апталығы аяқталды. Апта бойы Тамбовтан келген оқытушылар студенттер арасында «Орыс жерінің ұлы жасампаздары» фестивалінің күндізгі кезеңінің түрлі конкурстары мен викториналарын өткізді, дәрістерін оқыды, университет ПОҚ үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды, ынтымақтастық туралы бірлескен Меморандум жасап, одан әрі екіжақты ынтымақтастықтың басым мәселелерін белгіледі.

Қорытынды күні «Тұран-Астана» университетінің ректоры, профессор Г.А.Жапарова қонақтарға ризашылығын білдіріп, Халықаралық байланыстар департаментінің халықаралық білім беру бөлімінің бастығы Ирина Юрьевна Мизиске, Филология және журналистика факультетінің деканы Сергей Сергеевич Худяковқа, Филология және журналистика факультеті деканының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Татьяна Александровна Дьяковаға Алғыс хаттар табыстады.

 

 

«Орыс жерінің ұлы жасампаздары» халықаралық фестивалінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау, фестиваль қатысушыларының гала-концерті өтті. «Тұран-Астана» университетінің студенттері Тайтулен Дариға (П 21-1/1 тобы) және Рахимжанова Камила (ЮП 21-1/1 тобы) фестиваль лауреаттары атанды. Ал жекелеген конкурстар мен викториналар нәтижесі бойынша  Табылдина Ботагөз (П 21-1/1 тобы), Әуезханова Жарқын (П 21-1/2 тобы), Тілекова Тоғжан (МП 21-1 тобы) және Ширинбекова Аружан (ЮП 21-1/1 тобы) білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп дипломмен марапатталды.

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр