Ұлттық және халықаралық құқық кафедра оқытушыларының ғылыми жетістіктері
Жаңалықтар
Кафедра "Национальное и международное право"

Ұлттық және халықаралық құқық кафедра оқытушыларының ғылыми жетістіктері

«Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Дусанбекова Мөлдір Ашырбекқызы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы білім беру ұйымдарының педагогтары мен білім алушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту»  жобасы аясында өткен «Қазақстан педагогтарының алтын кітабы»  атты республикалық байқауға қатысып I дәрежелі жеңімпазы атанды. Сонымен қатар,  ҚР Білім және ғылыми саласының дамуына қосқан үлесі үшін ҚР педагогтарының «Алтын төсбелгісімен»  марапатталды және куәлік берілді.

Жаратылыстану ғылымдары академиясының Мәскеудегі Халықаралық білім салоны қатысушысының дипломы, сондай-ақ медальмен «Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасының профессоры, з.ғ.к. Барсукова Р.А. «Қылмыстық-құқықтық сипаттамалар және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының негізгі белгілері» тақырыбында з.ғ.к., доцент Карипова А.И., з.ғ.к., доцент Н.У.Егизбаевпен қосавторлықта  жазылған  ғылыми мақаласы марапатталды.

  

Поделиться
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы