«Тұран-Астана» университетінің «Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» студенттері жеңімпаздар қатарында
Жаңалықтар
Университет

«Тұран-Астана» университетінің «Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» студенттері жеңімпаздар қатарында

2023 жылдың 13-14 сәуірінде Алматы технологиялық университетінде білім 
беру бағдарламаларының топтары бойынша XV республикалық пәндік 
олимпиадаға  Қазақстанның 20 оқу орнынан 112 студент 28 команда үздік 
атану үшін өзара сайысты, нәтижесінде 6В11102 – «Мейрамхана және қонақ 
үй бизнесі» білім беру бағдарламасы бойынша VAMOS-TAU командасы ІІІ 
дәрежелі орынға ие болды және команда капитаны Әбісалиева Меруерт Жеке 
біріншіліктің ІІІ орнын иеленіп, ал ғылыми жетекшісі магистр, Каражанова 
Мейрамгуль Хасеновна алғыс хатпен марапатталды. 

Үлкен сенім артып, сайысқа қатысуға мүмкіндік берген ректор Жапарова 
Гүлжамал Әлкенқызына және "Дизайн, сервис және туризм" кафедрасының 
профессорлық-оқытушылық құрамына алғысымызды білдіреміз.

 

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр