Студенттерді «Open English» атты инновациялық әлеуметтік білім жобасымен таныстыру
2020 жылдың 21 қазанында «Зерайна» қоғамдық қорының бастамасымен қор директоры М.Н.Рогатинская «Тұран-Астана» университеті Гуманитарлық-заң факультеті «Әлеуметтік-гуманитарлық және тілдік пәндер» кафедрасының оқытушылары мен «Аударма ісі» мамандығының 1-4 курс студенттеріне арнап ашық онлайн семинар өткізді.
Бұл іс-шара Қор мен университет арасындағы қол қойылған ынтымақтастық келісім аясында өтті және студенттер қауымын «Open English» деп аталатын әлеуметтік жобамен таныстыруға бағытталған, ол шет тілін білетін адамдарға арналған.
Милана Николаевна кіріспе сөз сөйлеп, онда осы жобаның маңыздылығы мен қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Атап айтқанда, кімнің қатысуға болатындығы, жобаның шарттары мен талаптары және күтілетін нәтижелер сияқты мәселелерге тоқталды. Оның айтуынша, ағылшын тілін кем дегенде орта деңгейде білетін студенттер шет тілін оқыту әдістемесі бойынша теориялық білімді тегін ала алады, содан кейін орталықта бірнеше айға созылатын практикадан өтеді. Тағылымдамадан өтіп және қорытынды емтиханды ойдағыдай аяқтаған жағдайда курсантқа сертификат беріледі және осы орталықта одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылады.
Сонымен қатар, сөз осы жобаның ағылшын тілі бойынша тәжірибеден өтіп жүрген мұғалімдерінің бірі, «Аударма ісі-18-2» тобының студенті Журина Светаға берілді. Ол өзінің орталықтағы жұмыс тәжірибесімен және алған әсерімен бөлісті. Света студенттерді өздеріне сенуге шақырды, оларды өз бағын сынап көруге және жобаға қатысуға өтінімдерін жіберуге шақырды.
Осы танымдық семинарға қатысқан оқытушылар мен студенттер берілген ақпаратқа қызығушылық танытып, белсенділікпен қатысып, түрлі сұрақтар қойды. Кездесу нәтижелі өтті. Екі тарап өзара байланыс телефондарымен алмасты.