ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНА ВЕНГРИЯ ҮКІМЕТІ 250 ОҚУ ГРАНТЫН БӨЛДІ
Жаңалықтар
Активности

ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНА ВЕНГРИЯ ҮКІМЕТІ 250 ОҚУ ГРАНТЫН БӨЛДІ

ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНА ВЕНГРИЯ ҮКІМЕТІ 250 ОҚУ ГРАНТЫН БӨЛДІ

венгрия

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Венгрия Республикасының Адами ресурстар министрлігі арасындағы 2013 жылғы 19 қарашадағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Венгрия үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына 2020–2021 оқу жылы «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынады.

Бұл бағдарлама шеңберінде Венгрия тарапы Қазақстан Республикасы азаматтарына келесі бағдарламалар бойынша 250 грант бөліп отыр:

бакалавриат бағдарламасы бойынша  110 орын  (техникалықғылымдар, гуманитарлық ғылымдарауыл шаруашылығыөнер)

магистратура бағдарламасы бойынша  90 орын  (техникалық ғылымдарауыл шаруашылығыөнер)

бакалавриат+магистратура бағдарламасы бойынша  30 орын  оқу мерзімі 5–6 жыл(жалпы медицина, фармацевтика, стоматология, сәулет, ветеринарлық хирургия, егіншілік саласындағы инженерия, сәулет саласындағы инженер)

Бакалавриат, магистратура және бакалавриат + магистратура бағдарламалары бойынша стипендиаттар бірінші оқу жылы қабылдаушы университет ұсынған «Венгр тілі шет тілі ретінде» курсын өтуге және екінші семестрдің соңында емтихан тапсыруға міндетті (венгр тілінде оқитын стипендиаттарды қоспағанда). Курсқа қатыспайтын стипендия иегерлері ай сайынғы стипендияны ала алмайды.

докторантура бағдарламасы бойынша 20 орын (барлық бағыттар бойынша)*

   *Докторантура бағдарламасына үміткерлердің қабылдаушы университеттен ғылыми жетекшілері болуы керек. Онлайн-тіркелу кезінде қабылдаушы университеттен ғылыми жетекші/супервайзер қол қойған қабылдауды растайтын құжатты тіркеу қажет.

 

Аталған гранттар туралы ақпарат

 

http://studyinhungary.hu вебсайтында орналасқан.

Мамандықтар тізімін сілтемеден  көре аласыз.

Грант келесі шығындарды өтейді:

- тегін оқу;

- бакалавриат және магистратура бағдарламалары үшінай сайынғы стипендия 130 Евро, докторантура 415 Евро (бірінші 4 семестр) және 530 Евро (екінші 4 семестр);

- жатақханада тұру (немесе жалдамалы пәтердің ақысы айына 120 Евро көлемінде);

медициналық сақтандыру.

 

 

Назар аударыңыз!!!  Қалған шығындарды грант иегері өз қаражатынан өтейді.

2002 жылғы 31 тамыздан  кейін туған үміткерлерден өтініш қабылданбайды, «Хореография» (Dance Study) мамандығынан басқа.

http://studyinhungary.hu

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр