Тұран-Астана университетінің 4 курс студенті Республикалық құқықтану пәні олимпиадасында 1 орынға ие болды.
2023 жылғы 22 сәуірде Каспий университетінің базасында Қазақстан
Республикасының Жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында құқықтану
бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға Қазақстан
Республикасының жиырма жоғары оқу орнының студенттері қатысты. Әр команда
бес адамнан тұрды. Олимпиада қорытындысы жеке есеп бойынша шығарылды.
Олимпиаданың мақсаты - дарынды студент-жастарды анықтау және қолдау,
сондай-ақ болашақ мамандардың ерекше кәсіби қабілеттерін дамыту.
"Тұран-Астана" университеті студенттерінің командасы төртінші курс
студенттерімен құралды: Сүйімағамбетов Данияр, Барлыбаева Гүлден, Қанатқызы
Мәдина, Зейноллаева Айдана, Серікболқызы Ботакөз. Бұл студенттердің барлығы
университеттің ұлттық және халықаралық құқық кафедрасының қоғамдық және
әлеуметтік өміріне қатысуымен, сондай-ақ оқуда және ғылыми қызметте жоғары
үлгерімдерімен ерекшеленеді.
Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік 100 студенттерінің
арасында бірінші орынды 4 курс студенті Суюмагамбетов Данияр Мухамбетұлы
иеленді, бұл 2024 жылы кезекті Олимпиаданы өткізу құқығы біздің "Тұран-Астана"
университетіне өтетіндігін білдіреді.
Өткізілген іс-шара студенттердің жоғары ғылыми-зерттеу деңгейі мен
қызығушылықтарының кеңдігін, олардың шығармашылығын, зияткерлік әлеуетінің
деңгейін көрсетті.
Студенттерді олимпиадаға дайындауды ұйымдастыруда "Тұран-Астана"
университетінің ректоры Джапарова Гүлжамал Әлкенқызына үлкен алғысымызды
білдіреміз. Олимпиададағы жеңіс "Тұран-Астана" университетінің 25 жылдығына
арналады.