«Тұран-Астана» университетінің оқытушы-профессорлық құрамы және студенттері Сізді мемлекеттік жоғары награда –«Құрмет» орденімен құттықтайды.
Жаңалықтар
Университет

«Тұран-Астана» университетінің оқытушы-профессорлық құрамы және студенттері Сізді мемлекеттік жоғары награда –«Құрмет» орденімен құттықтайды.

Құрметті Гүлжамал Әлкенқызы!

«Тұран-Астана» университетінің оқытушы-профессорлық құрамы және студенттері Сізді мемлекеттік жоғары награда –«Құрмет» орденімен құттықтайды.

Ғалым, білім берудің көрнекті ұйымдастырушысы, сондай-ақ қалалық мәслихаттың депутаты бола отырып, сіз жемісті ғылыми, педагогикалық және қоғамдық қызметті «Тұран-Астана» университеті ректорының жауапты жұмысымен үйлесімді атқарып келесіз.

Аспиранттан бастап жоғары оқу орнының басшысына дейінгі күрделі жолды өткен Сіз, сөзбен емес, іс жүзінде университет өмірін білесіз, сондықтан TAU студенттерінің, оқытушыларының және қызметкерлерінің мәселелерін жедел шешуге әрқашан дайынсыз.

Сіздің ұйымдастырушылық талантыңыздың, кәсібилігіңіздің және шығармашылық энергияңыздың арқасында TAU қарқынды дамып келеді. ЖОО-да инновациялық білім беру технологиялары белсенді енгізілуде, жемісті ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізілуде, университеттің материалдық-техникалық базасы үнемі жетілдіріліп отырады. Бүгінде Сіз басқаратын университет еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының қатарына кіреді.

Сізге шын жүректен зор денсаулық пен амандық, барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз!

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр