«Тұран-Астана» университетінің «SAPAR» командасы Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы бойынша ІV Халықаралық студенттік олимпиадада І дәрежелі орынға ие болды.
Жаңалықтар
Кафедра "Дизайн, сервис и туризм"

«Тұран-Астана» университетінің «SAPAR» командасы Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы бойынша ІV Халықаралық студенттік олимпиадада І дәрежелі орынға ие болды.

Достар! «Тұран-Астана» университетінің «SAPAR» командасы Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы бойынша ІV Халықаралық студенттік олимпиадада  І дәрежелі орынға ие болды.

«Дизайн, сервис және туризм» кафедрасының доценті Атикеева Сайран Николаевна, аға оқытушы, магистр Каражанова Мейрамгүл Хасеновнаның жетекшілігімен болған сайыста, студенттеріміз Қуанышева Айгерім – команда капитаны, Билисова Тамирис – жоба экономисті, Абдрасулова Камила – команда редакторы, Қожағұл Толғанай – команда сарапшысы, пандемия жағдайында туризмнің белсенді түрлерін қалай дамыту жолдарын іздестіріп өз ұсыныстарын білдірді.

Олимпиадаға Қазақстан, Ресей сияқты жақын шетелдік жоғары оқу орындары қатысты, атап айтсақ,  Горно-Алтай Мемлекеттік университеті (Ресей федерациясы), Абай Мырзахметов Атындағы Көкшетау университеті, UIB, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ сияқты ЖОО командаларының ішінен І орынға ие болды.

Жеңімпаздың жетістіктері шынымен лайықты болған кезде керемет. Бүгінгі жетістік одан да биік белестерге бастайтын жарқын жолдың бастамасы ғана болсын деп тілейміз.

 

 

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр