«ТАУ» студенттері Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай поэзия кешін өткізді
Жаңалықтар
Активности

«ТАУ» студенттері Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай поэзия кешін өткізді

Университетімізде ұлы қазақ ақынның, философтың, сазгердің, ағартушының, ойшыл, қоғам қайраткерінің, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған поэзия кеші өтті. Харекетшіл ақындардың шығармашылық кеші 3-ші жыл бойы өткізілуде және келесі жылдары дәстүрлі түрде ұйымдастырылуында еш күмән жоқ. Қазылар алқасы мен көрермендермен жылы қарсы алынған орындаулар шын көңілділікпен, жанға жақындықпен, стильдік және мазмұндық алуандықпен ерекшеленді.

Ақынның 175-жылдығына арналған мерекелік шараның мақсаты – студенттердің қазақ әдебиеті мен поэзиясына, әсіресе Абайдың шығармашылық мұрасына байланысты білімдерін арттыру.

Кеш бойы қатысушылар Абай Құнанбаевтың шығармашылықтарын талқылдап, жақсы  көретін өлеңдерін оқып осы күні әдебиеттегі өзекті мәселелер жайында әңгімелесті.

Қазылар алқасы қатысушыларды әділ бағалап естелік жүлделер, диплом табыстады.
Осылай, бас жүлдеге «Құқықтану»  мамандықтың 1 курс студенті Қалихан Ирина ие болды.

1 орынды Аударма ісі мамандығының 1 курс студенті Алтынай Маралбекқызы алды.
2 орын Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алып жүрген университетіміздің студенті Серімхан Еркебұланға берілді.
3 орынға болашақ Заңгер, 1 курс студенті Асанбаева Сауле алды.

Поэзиялық кешті Жастар ісі комитеті ұйымдастырды.

Барлықтарыңызды келесі қызықты  шараларға қатысуға шақырамыз.



Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр