TAU еріктілері «Birgemiz» еріктілер фронт-кеңсесінің ашылуында
Жаңалықтар
Активности

TAU еріктілері «Birgemiz» еріктілер фронт-кеңсесінің ашылуында

Жақында елордамызда “Birgemiz” атты еріктілердің республикалық фронт-кеңсесінің ашылуы өтті. Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаев Еріктілер жылының аясында ресми түрде еріктілердің фронт-кеңсесінің ашылуын жариялады. Бұл фронт-кеңсе ЭКСПО маңайындағы “Art Hub” павильонында орналасқан.

Берілген жобалардың іске асырылу шеңберінде нақты жергілікті мақсаттарға жетуде азаматтардың жеке күш салуына қолдау көрсету үшін шағын гранттар бөлініп жатыр.



 

Жобаның болжалды нәтижесі – әрбір аймақта оқытушылар, студенттер және басқа да азаматтар арасынан 100-ден астам еріктілердің қатысуы және де әр аймақтағы ауылдық жердің орта мектептерінен 1000 шақты оқушыларды оқыту. Ашылу рәсімінде елбасы келесі мәлімдеме жасады: «Ерікті жақсы істер - нақты істермен беркітілген жоғары деңгейдегі отаншылдықтың білдіруі, Отанға деген сүйіспеншілік – шулы ұран немесе бос мағлұмдама емес, ал күнделікті жұмыс, ел игілігіне арналған қайырымды шаралар.»

Салтанатты рәсімде «Turan-Astana Volunteers» еріктілер корпусының жетекшісі Елнар Тұрсын да сөз сөйледі. Ол клубтың қызметі жайында, құрылу тарихы, еріктілердің немен айналысатыны туралы, ерікті қозғалыстың келешектегі жоспарларымен бөлісті.

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Байланыс орталығы