TAU еріктілері «Birgemiz» еріктілер фронт-кеңсесінің ашылуында
Жақында елордамызда “Birgemiz” атты еріктілердің республикалық фронт-кеңсесінің ашылуы өтті. Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаев Еріктілер жылының аясында ресми түрде еріктілердің фронт-кеңсесінің ашылуын жариялады. Бұл фронт-кеңсе ЭКСПО маңайындағы “Art Hub” павильонында орналасқан.
Берілген жобалардың іске асырылу шеңберінде нақты жергілікті мақсаттарға жетуде азаматтардың жеке күш салуына қолдау көрсету үшін шағын гранттар бөлініп жатыр.
Жобаның болжалды нәтижесі – әрбір аймақта оқытушылар, студенттер және басқа да азаматтар арасынан 100-ден астам еріктілердің қатысуы және де әр аймақтағы ауылдық жердің орта мектептерінен 1000 шақты оқушыларды оқыту. Ашылу рәсімінде елбасы келесі мәлімдеме жасады: «Ерікті жақсы істер - нақты істермен беркітілген жоғары деңгейдегі отаншылдықтың білдіруі, Отанға деген сүйіспеншілік – шулы ұран немесе бос мағлұмдама емес, ал күнделікті жұмыс, ел игілігіне арналған қайырымды шаралар.»
Салтанатты рәсімде «Turan-Astana Volunteers» еріктілер корпусының жетекшісі Елнар Тұрсын да сөз сөйледі. Ол клубтың қызметі жайында, құрылу тарихы, еріктілердің немен айналысатыны туралы, ерікті қозғалыстың келешектегі жоспарларымен бөлісті.