Университет оқытушылары «Болашақ» стипендиясын жеңіп алды
Жаңалықтар
Университет

Университет оқытушылары «Болашақ» стипендиясын жеңіп алды

Республикалық комиссияның шешімімен «Ғалымдар» тағылымдамасының жаңа санаты бойынша «БОЛАШАҚ» стипендиясының иегерлері «Тұран-Астана» университетінің з.ғ.д., «Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасының профессоры Сман Айсана Сманқызы және э.ғ.к., «Экономика, бизнес, инновациялар» кафедрасының профессоры Исқақов Бауыржан Мұратбекұлы болды.

Стажировканы Сман Айсана Сманқызы Түркия Республикасының Йылдырым Беязит атындағы университетінде, ал Искаков Бауыржан Мұратбекұлы Ресей Федерациясының М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде өтуді жоспарлап отыр.

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр