Курсы повышения
Құрметті ұстаздар, білім алушылар, отандастар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінде Қазақстан-тұрақтылықтың, бейбітшілік пен өркендеудің символы. Біз түрлі ұлттар мен олардың мәдениетін бағалай отырып, болашаққа татулықпен қадам басудамыз.
Бұл күн - ата-бабаларымыздың аңсаған арманы жүзеге асқан, азаттықтың туы желбіреген ерекше мереке. Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін сақтау - біздің ортақ міндетіміз.
Осы ұлы күнде баршаңызға зор денсаулық, отбасыңызға амандық, елімізге бейбітшілік пен тұрақтылық тілеймін. Қазақстанымыз гүлденіп, жарқын болашаққа жол бастай берсін!
Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
Құрметпен,
«Тұран-Астана» университетінің ректоры
Жапарова Гүлжамал Әлкенқызы