"Тұран-Астана" университетінде 2024 жылғы түлектерге дипломдар салтанатты түрде табыс етілді.
Жаңалықтар
Университет

"Тұран-Астана" университетінде 2024 жылғы түлектерге дипломдар салтанатты түрде табыс етілді.

"Тұран-Астана" университетінде 2024 жылғы түлектерге дипломдар салтанатты түрде табыс етілді.

Салтанатты рәсімнің алдында залда студенттердің әнұраны - Gaudeamus шырқалды, одан кейін университет ректоры Гүлжамал Әлкенқызы Жапарова түлектерге құттықтауын жеткізіп, ақ жол тіледі.

Ректордың құттықтау сөзінен кейін студенттерге диплом табысталды. Мереке жарқын эмоция, қуанышты сәттер мен шынайы құттықтауларға толы болды. Түлектер тарапынан өздерінің университетіне, оның басшылығына және студенттеріне университет қабырғасында оқыған кездегі тәжірибесі, шыдамдылығы, білімі мен даналығы үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.

Диплом тапсыру - әр студенттің өміріндегі маңызды және қызықты сәт. Осы сәттен бастап әр түлектің өміріндегі жаңа кезең басталады. Университет атынан біз 2024 жылғы түлектерді шын жүректен құттықтаймыз және олардың кәсіби жолына табыс тілейміз!

Ақ жол, құрметті түлектер! Сіз армандағанның бәрі орындалсын! Сізге сәттілік!

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр