XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада
Жаңалықтар
Кафедра "Экономика и инновационный бизнес"

XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада

2019 жылы 29 наурызда Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінің базасында "Қаржы"мамандығы бойынша Қазақстан ЖОО студенттері арасында XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

Олимпиадаға "Тұран-Астана" Университетінен "Экономика және инновациялық бизнес" кафедрасының 5В050600 "Экономика", 5В050700 "Менеджмент" мамандығының студенттері (Овечкина Елена, Усин Данияр және Каримов Адильхан), э.ғ. к., профессор Есымханова Зейнегуль Клышбекқызының жетекшілігімен қатысты. Студенттер ҚҚЭУ-базалық университетіндесырттай турдан және олимпиаданың екінші турынан сәтті өтті.

XI Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша біздің студенттер жүлделі 3 орынды ұтып алып, арнайы кубок пен III дәрежелі дипломға ие болды.  Жеңімпаздарға қатысушы сертификаттары, естелік сыйлықтар және ғылыми жетекші З. К. Есымхановаға алғыс хат табыс етілді.

Республикалық олимпиадаға қатысу студенттерге өздерінің ғылыми жобаларын көпшілік алдында қорғауда баға жетпес тәжірибе, олардың ғылыми әлеуетін одан әрі дамыту үшін дағдылар беріп, жалпы "Тұран-Астана" Университетінің "Экономика және инновациялық бизнес" кафедрасында студенттік ғылымның одан әрі дамуына ықпал етеді.

Достарыңмен бөліс
Барлық жаңалықтар

Контакт - центр