Материалдық-техникалық база

TAU инфрақұрылымы: білім, технология және жаңа мүмкіндіктер кеңістігі

Заманауи білім беру мүмкіндіктерден басталады. «Тұран-Астана» университеті (TAU) студенттер тек білім алып қана қоймай, оны іс жүзінде қолдануды үйренетін, озық технологияларды меңгеретін, ғылыми зерттеулермен айналысатын, шығармашылық қабілеттерін дамытып, өз идеяларын жүзеге асыратын білім беру ортасын қалыптастырады.

Университет инфрақұрылымы заманауи оқу аудиторияларын, жоғары технологиялық зертханаларды, ғылыми-зерттеу орталықтарын, шығармашылық пен кәсіби даярлыққа арналған кеңістіктерді, спорт нысандарын және студенттік өмірге арналған жайлы жағдайларды біріктіреді.

Біз тиімді оқуға, өз бетінше дайындалуға және жобалармен топтық жұмыс істеуге барлық жағдайды жасадық. Студенттердің игілігіне:

  • 2 оқу корпусы және дәрістер, семинарлар мен практикалық сабақтарға арналған 100-ден астам аудитория;
  • Заманауи жабдықтармен жарақталған 13 компьютерлік сынып;
  • 6 мамандандырылған оқу кабинеті, оның ішінде криминалистикалық зертхана мен полигон, сот мәжілісі залы, когнитивті лингвистика және эксперименталды психология кабинеттері, лингафон кабинеті;
  • Студенттер оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей алатын, сабаққа дайындалып, өз бетінше зерттеу жүргізе алатын 75 орындық оқу залы бар кітапхана.

Университеттің оқу кеңістіктері дәстүрлі академиялық тәсілдерді заманауи білім беру технологияларымен ұштастыруға мүмкіндік береді.

Жоғары технологиялық зертханалар: теориядан — практикаға, идеядан - нәтижеге

TAU-дың басты артықшылықтарының бірі — студенттерге практикалық дағдыларды меңгеруге және заманауи кәсіби ортада сұранысқа ие технологиялармен танысуға мүмкіндік беретін дамыған зертханалық база.

Университетте ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, робототехника, телекоммуникация, цифрлық медиа, аударма технологиялары, туризм, қонақжайлылық және басқа да даярлық бағыттарын қамтитын 17 мамандандырылған зертхана жұмыс істейді, олардың қатарында:

  • Huawei ICT Academy - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру алаңы;
  • Kaspersky зертханасы - ақпараттық қауіпсіздік технологияларын зерттеу кеңістігі;
  • Cisco Networking Academy - желілік технологиялар саласындағы білім беру алаңы;
  • Робототехника және 3D-басып шығару зертханалары - техникалық шығармашылық, жобалау және модельдеуге арналған;
  • Жасанды интеллект және интеллектуалды жүйелер зертханалары - перспективалы цифрлық технологияларды зерттеуге арналған;
  • Синхронды аударма зертханасы - ауызша аударманың кәсіби дағдыларын қалыптастыруға арналған;
  • Creative Media Lab - шығармашылық және мультимедиялық жобалар кеңістігі;
  • TAU Vision цифрлық студиясы - заманауи медиаформаттармен жұмыс істеу және цифрлық контент жасауға арналған;
  • «Қонақжайлылық академиясы» зертханасы - қонақжайлылық индустриясы мамандарын практикалық даярлауға арналған;
  • Ресторандық концепциялар зертханасы - мейрамхана бизнесін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін зерттеуге арналған;
  • Сот сараптамасы және криминалистика зертханасы - сараптамалық және криминалистік қызмет әдістерін меңгеруге арналған;
  • Translation & Interpreting Lab - аударма және лингвистикалық технологиялар зертханасы.

Заманауи зертханалық инфрақұрылым студенттерге теориялық білімдерін бекітуге, кәсіби құзыреттіліктерді меңгеруге және оқу барысында-ақ технологиялармен және жабдықтармен жұмыс істеу тәжірибесін жинақтауға көмектеседі.

Ғылым, зерттеулер және инновациялар. Бұл - идеялар туындап, университет ғылымы дамитын орта. TAU студенттерге ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуға, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға және зерттеушілік ойлауды дамытуға мүмкіндік береді.

Университетте қызметі кең ауқымды бағыттарды қамтитын 5 ғылыми орталық жұмыс істейді: экономика және қаржы, құқық, ғылыми жобалау, инновациялық этнодизайн, салық салу, есеп және аудит, туризм мен қонақжайлылықтағы менеджмент, тіл білімі.

Ғылыми инфрақұрылым студенттер мен оқытушылардың өзара іс-қимылына, өзекті ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған зерттеулер жүргізу мен жобаларды әзірлеуге жағдай жасайды.

TAU инновациялық экожүйесінде Бизнес-инкубатор ерекше орын алады - бұл кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға, бизнес-идеяларды пысықтауға және жеке жобаларды жүзеге асыруға арналған кеңістік.

Шығармашылық және кәсіби практика: талантты шыңдау және мамандықта бақ сынау мүмкіндігі

Университет студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және практикалық кәсіби дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі, ол үшін келесі мамандандырылған кеңістіктер құрылған:

  • Сурет және кескіндеме студиясы — көркемдік шеберлікті дамытуға арналған;
  • Жобалау және макеттеу шеберханасы — дизайнерлік және сәулеттік-көркемдік идеяларды жүзеге асыруға арналған;
  • Innovative Artworks — шығармашылық жобаларды іске асыру кеңістігі;
  • 85 орындық сот мәжілісі залы — сот процестерін модельдеу және болашақ заңгерлерді практикалық даярлауға арналған;
  • Криминалистикалық полигон — кәсіби дағдыларды шынайы практикаға жақын жағдайларда пысықтауға арналған;
  • Криминалистикалық тактика және цифрлық криминалистика зертханасы - криминалистік қызметтің заманауи әдістерін зерттеуге арналған.

Сонымен қатар, университетте ғылыми конференциялар, семинарлар, тұсаукесерлер, іскерлік кездесулер өткізуге және студенттік жобаларды талқылауға арналған екі конференция залы жұмыс істейді.

Мұндай инфрақұрылым студенттерге болашақ мамандықты меңгеріп қана қоймай, бастамашылдықты, креативті ойлауды, коммуникация және топтық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Университет өмірі - аудиториядағы сабақтардан да кең дүние

TAU-да физикалық тұрғыдан дамуға, шығармашылық өзін-өзі танытуға және университет қауымдастығының өміріне белсенді қатысуға барлық жағдай жасалған. Студенттердің игілігіне:

  • Ауданы 565,6 м² спорт залы — дене шынықтыру сабақтарына, жаттығулар мен спорттық іс-шараларға арналған;
  • 376 орындық акт залы — концерттер, фестивальдар, салтанатты рәсімдер, шығармашылық өнер көрсетулер мен жалпыуниверситеттік іс-шараларға арналған.

Бұл кеңістіктер араласу, таланттарды дамыту, топтық рухты нығайту және студенттік жылдардан жарқын әсер қалдыру алаңына айналады.

Жайлы студенттік орта және күнделікті қажеттіліктерге қамқорлық

Сапалы білім оқуға, демалысқа және күнделікті өмірге жайлы жағдай жасалмайынша мүмкін емес. TAU инфрақұрылымы келесі нысандарды қамтиды:

  • Білім алушылардың тұруына арналған 2 жатақхана және студенттік хостелдер;
  • Сабақ арасында тамақтану мен демалуға арналған 2 асхана мен кофейнялар;
  • Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған 2 медициналық пункт.

Университет әрбір студент оқуға, жеке тұлғалық дамуға және өз мақсаттарына жетуге барынша назар аудара алатын қолайлы жағдай жасауға ұмтылады.

«Тұран-Астана» университетінің инфрақұрылымы — бұл тек оқу корпустары, аудиториялар мен зертханалар ғана емес. Бұл — білімді, заманауи технологияларды, ғылымды, шығармашылықты және практикалық тәжірибені біріктіретін бірыңғай білім беру ортасы.

Мұнда студенттер зерттеуге, эксперимент жасауға, жаңа нәрсе құрастыруға, кәсіби дағдыларын дамытуға және сәтті мансапқа дайындалуға мүмкіндік алады.

 

TAU - білім тәжірибеге, идеялар жобаларға, ал әлеует нақты жетістіктерге айналатын кеңістік