Медициналық пункт

Лицензия нөмірі № 10439DZ 2010 жылдың 29 қаңтарынан бастап амбулаторлық жағдайда бастапқы дәрігерлік медициналық-санитариялық көмек көрсетуге арналған.
«Тұран-Астана» университеті № 3 Қалалық емханасы және «Интертич Астана Медициналық Ассистанс» ЖШС медициналық орталығымен студенттерге медициналық қызмет көрсету үшін келісім-шарт жасаған.
Медициналық пункт университеттің оқытушылары мен қызметкерлерінің денсаулығын қорғау және нығайту үшін қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсетеді.

Құрылымдық бөлім бастапқы және шұғыл медициналық көмек көрсетеді, профилактикалық тексерулер жүргізеді, санитарлық-ағарту жұмыстарын және аурулардың алдын алу шараларын өткізеді. Арнайы назар денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыруға және профилактика жүйесін дамытуға аударылады.
Қабылдау сағаттары:

09.00-18.00

Мекенжай: Ы. Дүкенұлы 29 а, блок В, № 102-дәрісхана, Ы. Дүкенұлы 29, блок С,  № 107-дәрісхана.

Жалпы практика дәрігерлері:

- Амантай Айгүл Амантайқызы

- Төлеуханова Айсулу Қайратқызы

Медбикелер:

- Жылкыбаева Раиса Станбековна, медпункт медбикесі

- Көшкінбай Айгерім Нұрмаханқызы