Университет жатақханасы

Студенттерді орналастыру Тұру қағидаларына және санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Жатақханаға қоныстандыру 30 тамыздан басталады.

Қоныстануға басымдық құқығы мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) бойынша білім алатын студенттерге беріледі. Бос орындар ақылы негізде оқитын студенттер арасында бөлінеді.

Қоныстану үшін студент келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • ​коменданттың атына өтініш;
  • ​жеке куәлік;
  • ​медицинская анықтама (медициналық тексеруден өткеннен кейін);
  • ​тұру үшін төлем жасалғанын растайтын түбіртек.

Тұру ақысының мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасына және жатақхананы ұстауға жұмсалатын нақты шығындарға сәйкес белгіленеді.

TAU университеті орналастырудың 4 нұсқасын ұсынады:

1. Студенттер жатақханасы (университеттен 5 минуттық жерде)

Бөлмелер IKEA жиһазымен жабдықталған.

Кір жуатын орын, асүй, демалыс бөлмесі, ортақ санитарлық торап (санузел) бар.

Құны: айына 45 000 теңге.

Бөлмелерге 3 адамнан (орташа бөлмелер) 6 адамға дейін (үлкен бөлмелер) орналастырылады.

Басқа қаладан келген бірінші курс студенттері басымдық тәртіппен қоныстандырылады.

Орындар саны шектеулі.

Брондау: +7 702 314 65 85 (WhatsApp қолжетімді)

2. Студенттер жатақханасы (университет аумағында)

Заманауи әдемі дизайн.

Еурожөндеу жүргізілген.

Бөлмелер екі, үш және төрт адамға арналған, ортақ санитарлық торап.

Құны: айына 45 000 теңге.

Орындар саны шектеулі.

Брондау: +7 702 314 65 85 (WhatsApp қолжетімді)

3. Студенттер жатақханасы (тек қыздар үшін)

Университеттен 3 минуттық жерде.

Жеке санитарлық торап.

Бөлмелер төрт адамға арналған.

Құны: айына 35 000 – 40 000 теңге.

Орындар саны шектеулі.

Брондау: +7 702 314 65 85 (WhatsApp қолжетімді)

4. «TAU HOUSE» студенттік кампусы (Степан Разин көшесі, 26/1, оң жағалау)

Өткен жылы ашылған жаңа ғимарат.

Таңғы ас құнына кіреді.

Әр бөлмеде: жеке санитарлық торап және тоңазытқыш.

Құны: айына 55 000 – 70 000 теңге, бөлмелерде 2-ден 4 адамға дейін орналастырылады.

Орындар саны шектеулі.

Брондау: +7 702 314 65 85 (WhatsApp қолжетімді)