Академиялық ұтқырлық

TAU студенттерінің академиялық ұтқырлығы

«Тұран-Астана» университетінің (TAU) жетекші шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындарымен академиялық алмасу бағдарламасы.

Академиялық ұтқырлық дегеніміз не?

Бұл студенттердің бір семестр немесе бір оқу жылы бойы басқа жоғары оқу орнында білім алуына немесе зерттеу жұмыстарымен айналысуына мүмкіндік беретін бағдарлама.

Негізгі шарт: оқу аяқталғаннан кейін меңгерілген білім беру бағдарламаларын (кредиттерді) өз университетінде міндетті түрде қайта есептету.

  • Сыртқы ұтқырлық: шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу.
  • Ішкі ұтқырлық: Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарында білім алу.

Кімдер қатыса алады?

Бағдарлама келесі курс студенттеріне арналған:

  • Бакалавриат: 2–3 курстар (4 жылдық оқу түрі бойынша) немесе 2–4 курстар (5 жылдық оқу түрі бойынша).
  • Магистратура: 1-курс (күндізгі бөлім).

Біліктілік талаптары:

  • Үлгерім: GPA 2.67-ден төмен емес.
  • Тілдік дайындық: шет тілін меңгеру деңгейі B2 (Upper-Intermediate) төмен емес.

Оқу мерзімдері мен шарттары

Серіктес жоғары оқу орнында оқу тегін ұсынылады. Барлық қосымша шығындарды (ұшу, тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру, виза рәсімдеу) студент өз бетінше төлейді.

Құжаттарды қабылдау:

  • Көктемгі семестрге: 2025 жылғы 24 қарашаға дейін.
  • Күзгі семестрге: 2026 жылғы 1 мамырға дейін.

Оқу ұзақтығы: 1 академиялық семестр.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Белгіленген нысан бойынша студенттің өтініші.
  2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортының көшірмесі.
  3. Оқу үлгерімінің транскрипті (ТАU-дың Сыртқы байланыстар және кәсіби бағдарлау бөлімі мөрімен расталған).
  4. Шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (халықаралық сертификат немесе TAU ішкі тесті нәтижесі).
  5. Медициналық анықтама (072/у нысаны).
  6. Ата-анасының/қамқоршысының жазбаша келісімі (шетелге шығу сәтінде 18 жасқа толмаған студенттер үшін).
  7. Отбасы құрамы туралы құжат (көпбалалылықты растау үшін).
  8. Ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер үшін).
  9. Мүгедектікті растайтын құжат (бар болса).

2026 жылғы серіктес жоғары оқу орындары:

English Name

Қазақша атауы

Ел / Қала

Мамандыктар / Specialties

1

Rzeszów University of Technology

Жешув технологиялық университеті

Польша, Жешув

Мемлекеттік басқару (ГМУ), Менеджмент, Аударма ісі, Ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету (ВТиПО) және т.б.

2

Pomeranian Academy in Słupsk

Слупск Померания академиясы

Польша, Слупск

Аударма ісі, Құқық, Ақпараттық жүйелер, Психология, Менеджмент және т.б.

3

Kadir Has University

Кадир Хас университеті

Түркия, Стамбул

Халықаралық құқық және т.б.

4

Chang’an University

Чанъань университеті

Қытай, Сиань

Аударма ісі және т.б.

5

“1 Decembrie 1918” University of Alba Iulia

«1918 жылғы 1 желтоқсан» университеті

Румыния, Алба-Юлия

Есеп және аудит, Туризм, Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар (РГБ) және т.б.

6

Horizon University College

«Горизонт» университеттік колледжі

БАӘ, Аджман

Маркетинг, Туризм, Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар (РГБ), Ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету (ВТиПО) және т.б.

7

Nanjing Vocational University of Industry Technology

Нанкин өнеркәсіптік технологиялар кәсіби университеті

Қытай, Нанкин

Ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету (ВТиПО), Ақпараттық жүйелер (ИС) және т.б.

8

Universiti Teknologi MARA (UiTM)

MARA технология университеті

Малайзия

Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар (РГБ), Ақпараттық жүйелер, Ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету (ВТиПО), Есеп және аудит және т.б.

9

Northwest University of Political Science and Law (NWUPL)

Солтүстік-Батыс саяси ғылымдар және құқық университеті

Қытай, Сиань

Экономика, Менеджмент, Халықаралық құқық және т.б.

10

Kodolányi János University

Янош Кодолани университеті

Венгрия, Будапешт

Туризм, Ақпараттық жүйелер, Менеджмент және т.б.

11

Altınbaş University

Алтынбаш университеті

Түркия, Стамбул

Менеджмент, Құқық, Ақпараттық жүйелер, Психология және т.б.

Іріктеу кезеңдері:

  1. Өтініштерді қабылдау: күзде студенттерден өтінім қабылдау жүргізіледі.
  2. Бастапқы іріктеу - TAU академиялық ұтқырлық жөніндегі комиссиясы белгіленген критерийлерге сәйкес жүргізеді.
  3. Әңгімелесу:  бастапқы іріктеуден өткен студенттер үшін.
  4. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға студенттерді тіркеу.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурстың басталуы туралы ақпарат «Тұран-Астана» университетінің ресми сайтында (https://tau-edu.kz) жарияланады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Халықаралық ынтымақтастық бөліміне international@tau-edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға немесе А корпусы, 101-кабинет мекенжайы бойынша жолығуға болады.