Халықаралық ынтымақтастық
«Тұран-Астана» университетінің қызметінде интернационалдандыру үдерісі үлкен маңызға ие болуда. Әлемнің 9 елінен 52 білім алушы біздің университеттің білім алушылары болып табылады. «Тұран-Астана» университеті әлемнің 19 елінің университеттерімен 40-тан астам шарт жасасты, оның ішінде Quacquarelli Symonds World University Rankings (QS WUR) және Times Higher Education World University Rankings (THE WUR) ТОП-1000 кіретін университеттермен 5 шарт жасалды.
«Тұран-Астана» Университеті Жоғары оқу орындары арасындағы уағдаластықтар деңгейінде және өз қаражаты есебінен Иран, Үндістан, Польша, Түркия, Германия және т. б. ғалымдармен және мамандармен бірлескен жобаларды іске асырады.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор Януш Собон (Польша), Әли Насири, PhD (Иран), техника ғылымдарының кандидаты Селезнева Руслана (Польша), Реджеп Гүлмаз, PhD (Түркия) Онлайн сабақтар, мастер-кластар, семинарлар мен вебинарларды өткізді.
Суфьян Бин Увайер, Master of Science in Information Technologies; Master of Arts in English; Master of Arts in Political Science келесі пәндер бойынша сабақтар өткізеді:
1) «Әлеуметтік-гуманитарлық және тілдік пәндер» кафедрасында «Заманауи ақпараттық технологиялар және аударма»
2) «Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасында «Халықаралық құқықтың негізгі көздері»
3) «Ақпараттық технологиялар» кафедрасында «С++ тілінде объектіге бағытталған бағдарламалау».
Шетелдік SES(Senoir Experten Service)-сарапшы Клаус Субтиль (Германия) білім мен ноу-хау беру, тәжірибе алмасу және жақсы тәжірибе мысалдары арқылы «Ақпараттық технологиялар» кафедрасы оқытушыларының біліктілігін арттыруға шақырылды.
«Тұран-Астана» университеті мен Г.Р. Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шарт аясында «ӘГжТП» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Т.Д. Абжаков РФ ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруы аясында «Орыс тілі және мәдениеті: шекараны жою» Халықаралық жобасына қатысты. Ол орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін 72 сағат көлемінде оқыту семинарынан сәтті өткені туралы мемлекеттік үлгідегі диплом алды.