Жазғы семестр - студенттерге оқу үлгерімін жақсартуға, академиялық қарыздарын өтеуге және жазғы демалыс кезеңінде қосымша пәндерді меңгеруге мүмкіндік беретін қосымша оқу кезеңі.
Жазғы семестр келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
Жазғы семестрге бітіруші курстан басқа барлық курс студенттері қатыса алады.
Сонымен қатар, TAU Астана қаласының, Қазақстанның басқа өңірлерінің және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттерін жазғы семестрде оқуға шақырады.
Жазғы семестр TAU білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің өтініштері негізінде ұйымдастырылады. Оқу топтары келіп түскен өтініштер санына қарай қалыптастырылады.
Оқу ақылы негізде жүргізіледі. Оқу ақысы бір кредиттің құны бойынша есептеледі.
Жазғы семестрге қатысуға арналған өтініштер 20 мамырға дейін қабылданады.
Құжаттарды тапсыру тәртібі туралы қосымша ақпаратты деканаттардан алуға болады.
Жазғы семестр 1 маусымнан басталады және академиялық күнтізбеге сәйкес өткізіледі.
Оқу ұзақтығы пән мен білім беру бағдарламасына байланысты 6 апта немесе одан да көп уақытты құрайды.
Мысалы, алты апталық оқу кезеңінде 5 апта теориялық оқуға, ал 1 апта қорытынды бақылау мен емтихандарға бөлінеді.
Студент жазғы семестр аясында жалпы көлемі 30 кредиттен аспайтын пәндерге тіркеле алады.
Сабақ кестесін кафедрадан алуға болады. Оқу пәндерді ағымдық (потоктық) оқыту қағидаты бойынша ұйымдастырылады.
Жазғы семестрге қатысу үшін Тіркеуші офисіне (Office of the Registrar) өтініш беру қажет. Өтініш қаралғаннан кейін студентке келесі қадамдар туралы ақпарат беріледі.
TAU Астана қаласының, Қазақстанның басқа өңірлерінің және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттерін жазғы семестр аясында білім алуға шақырады.
Байланыс ақпараты