Ғылыми кеңес

 

Университеттің Ғылыми кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен шешімдерін; Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік құжаттарын; Университет Жарғысын; Ғылыми кеңес шешімдерін; Ректордың және ол уәкілеттік берген өзге де тұлғалардың бұйрықтары мен өкімдерін; ішкі нормативтік құжаттарды және  

Ғылыми кеңес туралы ережені басшылыққа алады.

​Ғылыми кеңестің қызметі оның құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылаудың жариялылығына негізделеді.

​Ғылыми кеңес төрағасы – ректор Джапарова Гүлжамал Әлкенқызы.

​Төраға орынбасары – бірінші проректор Әбдіров Айтжан Мұхамеджанұлы.

​Ғылыми хатшы – Айкенова Рыскелді Айкенқызы.

​Ғылыми кеңес өз жұмысын оқу жылына арналған бекітілген жұмыс жоспары негізінде ұйымдастырады. Ғылыми кеңестің отырыстары тиісті оқу жылына арналған бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес ай сайын өткізіледі және хаттамаланады.

​        

Ғылыми кеңес қызметінің мақсаты:

​        

Кәсіптік оқу бағдарламаларын табысты іске асыру мақсатында университет білім алушылары мен профессор-оқытушылар құрамы үшін қажетті жағдайлар жасау;

​Қаржылық қолдауды қамтамасыз ету, жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайту;

​Университеттің одан әрі дамуына ықпал ету.

​        

Ғылыми кеңестің құзыретіне келесі мәселелер жатады:

​        

Университет құрылымын бекіту;

​Университет Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

​Жоғары оқу орнының оқу және ғылыми бөлімшелерін (зертханалар, кафедралар, Жоғары мектептер және т.б.) құру, қайта ұйымдастыру және тарату;

​TAU даму стратегиясын айқындау;

​TAU-дың оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметін ұйымдастырудың барлық негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;

​Ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлімшелер басшыларының оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржы, шаруашылық, ақпараттық және халықаралық қызметті жүргізу нысандары мен әдістері туралы жыл сайынғы есептерін тыңдау;

​Монографияларды, оқулықтарды, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік талдамаларды қарастыру және баспаға ұсыну;

​Студенттерді ақылы бөлімнен білім беру грантына және экстернат нысанында оқытуға ауыстыру туралы шешімдер қабылдау;

​Магистранттардың тақырыптары мен ғылыми жетекшілерін, докторанттардың диссертациялық зерттеулері бойынша ғылыми кеңесшілерін бекіту;

​TAU-дың қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастыру;

​Бюджеттен тыс қаражатты пайдалану тәртібін, сондай-ақ жоғары оқу орнының ақылы білім беру қызметтерін көрсету және өндірілген өнімді өткізу арқылы алатын кірістерін қайта инвестициялау бағыттарын айқындау;

​Ғылыми және құрметті атақтарды, атаулы стипендиялар мен сыйлықтарды бекіту және беру;

​TAU қызметкерлерін, шығармашылық ұжымдарды мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселелерді қарау;

​Жоғары оқу орнының алқалы шешімді талап ететін ағымдағы қызметінің өзге де мәселелерін қарау.