Іс-шараға қатысқыңыз келе ме?
Қатысушы формасын толтыруыңызды сұраймыз. Сіздің қатысуыңызды растау үшін, біз Сізге жақын арада хабарласамыз.
Өте қызық| Дата | 2026 ж. 22 қыр. |
Қазақстанның жаңа Конституциясы әрбір азаматқа азаматтық белсенділік танытуға және қоғамдық өмірге қатысуға құқық береді. Осы іргелі принциптерге, сондай-ақ «Білім туралы» Заңның нормаларына сүйене отырып, «Тұран-Астана» университеті әрбір студенттің пікірі стратегиялық шешімдер қабылдау кезінде ескерілетін ортаны қалыптастырады.
Мұндай ашық ортаны дамыту жолындағы маңызды қадам 2 қазанда өтетін Студенттік парламент сайлауы болмақ. Бұл жай ғана күнтізбелік оқиға емес, бұл - басшылықтың шешімдеріне әсер ете алатын және студенттік өмірді дамытуға қабілетті көшбасшыларды таңдаудың төте мүмкіндігі. ТАУ - бұл тек дәрістер мен сессиялар ғана емес, бұл - өз бастамаларыңызды жүзеге асыра отырып, өзін-өзі басқару және қоғамдық қатысу принциптерін іс жүзінде қолдануды үйренетін толыққанды алаң.
Осындай интерактивті формат арқылы университет студенттердің бойында көшбасшылық пен командалық жұмыс дағдыларын мақсатты түрде қалыптастырады. Бұл - жоғары оқу орны қабырғасында мемлекеттің негізгі қағидасы - «Заң мен Тәртіпті» терең қолдайтын, қоғам мен мемлекеттің дамуы үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын болашақ басқарушылар мен азаматтар қалыптасатын бірегей практикалық мектеп.
Жаңа құрамда Парламент жұмысы заманауи талаптарға сай негізгі бағыттар бойынша ұйымдастырылған:
Депутат болу - мәртебе емес, жауапкершілік. Студенттік парламенттің құрамына кіру - курстастар алдындағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік. Әр депутаттың артында өзіне таңдауын сеніп тапсырған замандастары тұр. Сондықтан да дауыс беру күні басты сұрақ «Кім жеңеді?» емес, «Студенттердің сенімін кім шынымен ақтай алады және олардың құқықтарын кім қорғай алады?» деген сұраққа тіреледі.
Сенің дауысың - шешуші күш. Кез келген заманауи және тиімді өзін-өзі басқару жүйесі ашықтық пен саналы таңдау принциптеріне негізделеді.
2 қазанда әр студенттің таңдауы шешуші рөл атқарады. Үміткерлердің бағдарламаларымен танысу және лайықты өкілдерді қолдау - әрбір білім алушының азаматтық ұстанымының тікелей көрінісі.
Жүздеген студенттердің дауысы біріккенде, бұл жоғары оқу орнының ішкі саясатына, оқу жағдайларын жақсартуға және студенттік ортаның сапасына әсер етудің нақты құралына айналады.
2 қазан - таңдау күні. Бұл күні сіз жай ғана үміткерге дауыс бермейсіз, сіз әділ, ашық және прогрессивті студенттік ортаның даму бағытын айқындайсыз.
Студенттік парламент - бұл студенттердің нақты үні. Оның қаншалықты қатты естілетіні тек өзімізге байланысты.
Өз таңдауыңды жаса.
Өз университетіңнің болашағына үлесіңді қос!
Қосымша ақпарат «Тұран-Астана» университетінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қолжетімді