Іс-шараға қатысқыңыз келе ме?
Қатысушы формасын толтыруыңызды сұраймыз. Сіздің қатысуыңызды растау үшін, біз Сізге жақын арада хабарласамыз.
Өте қызық| Дата | 2026 ж. 16 нау. |
| Санат | Оқиғалар |
Құрметті студенттер!
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаңында «Тұран-Астана» Университеті ең креативті әрі бірегей бейнероликтер байқауының басталғанын хабарлайды!
Бұл - өз талантыңды көрсетудің, мерекелік көңіл-күйді таспалаудың және бүкіл университет деңгейінде өзіңді танытудың бірегей мүмкіндігі.
Байқау шарттары:
Тақырыбы: «Наурыз - жаңару мен береке бастауы». Мерекелік салт-дәстүрлерді немесе Университетіміздің ерекше көктемгі тынысын көрсететін жұмыстар қабылданады.
Мерзімі: Бейнероликтер 2026 жылдың 20 наурызына дейін қабылданады.
Форматы: Шығармашылық ізденіс пен жоғары сапалы орындау құпталады!
Жеңімпаздарды не күтеді?
Университеттің брендтік сыйлықтары;
Үздік бейнероликтерді Университеттің ресми әлеуметтік желілерінде жариялау.
Шығармашылық әлеуетіңізді көрсетіп, Университеттің басты көктемгі оқиғасының бір бөлшегі болыңыз. Жұмыстарыңызды күтеміз!