Қызықты

«TAU-InnoHub School 2026» стартаптар байқауына өтінім қабылдау ашылды

«Тұран-Астана» университеті мектеп оқушыларына арналған «TAU-InnoHub School 2026» стартап-жобалар байқауының басталғанын хабарлайды.

Байқау кәсіпкерлік ойлауды дамытуға, инновациялық идеяларды қолдауға және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын өз жобаларын жасауға тартуға бағытталған.

Байқау өткізу мерзімі: 2026 жылғы 13 сәуір – 31 мамыр

Қатысу шарттары
Байқауға орта білім беру ұйымдарының 10–11 (12) сынып оқушылары, сондай-ақ байқау комиссиясының шешімімен 8–9 сынып оқушылары қатыса алады. Ментор ретінде орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатыса алады.
 Қатысу жеке және командалық форматта мүмкін.

Өтінім беру
Қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 24 мамырға дейін (қоса алғанда)  k.shebeko@tau-edu.kz электрондық поштасына қабылданады.

Өтінімдер «TAU-InnoHub School» стартап-жобалар байқауы туралы ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  1. Жоба командасы туралы мәліметтер:
    • тегі, аты, әкесінің аты (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде);
    • орта білім беру ұйымының атауы мен мекенжайы;
    • сыныбы;
    • байланыс деректері (телефон, электрондық пошта);
  2. Жоба сипаттамасы (1–2 бет);
  3. Жоба презентациясы.

Жобалар форматы
Қатысушылар экономика және әлеуметтік саладағы инновациялық идеяларды, ұсыныстарды немесе шешімдерді қамтитын стартаптар немесе жобалар ұсынуы тиіс.

Жобаларға қойылатын талаптар

  1. Жоба бірегей болуы, жаңашылдық элементтерін қамтуы және практикалық құндылығы болуы тиіс.
  2. Жоба идея немесе әзірлеу кезеңінде болуы тиіс.
  3. Жоба презентациясының ұзақтығы 7 минуттан аспауы керек.

Бағалау критерийлері
Идея: стартап идеясының бірегейлігі мен сұранысқа ие болуы;
Іске асыру: жобаны жүзеге асыру моделінің негізділігі;
Инновация: шешімнің немесе тәсілдің жаңашылдығы;
Команда: кәсіби және мықты команданың болуы, тәжірибесі мен біліктілігі;
Әлеуметтік маңыздылығы: жобаның қоғамға немесе қолдану саласына әсері;
Болашағы мен тұрақтылығы: стартаптың даму әлеуеті.

Марапаттау

• Марапат санаттары: 1 орын, 2 орын, 3 орын және бағалау критерийлері бойынша арнайы номинациялар.
• Байқау комиссиясы қатысушыларды «TAU-InnoHub» өткізетін акселерациялық бағдарламаларға қатысу сертификаттарымен марапаттау туралы шешім қабылдауы мүмкін.
• Ректордың шешімімен жеңімпаздар мен қатысушыларға «Тұран-Астана» университетіне қабылдаудың ерекше тәртібі белгіленуі мүмкін.

Байқау комиссиясының құрамы
• Смоилов Самат Жұмағалиевич — комиссия төрағасы, ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректор;
• Аимкулов Рахат Әшкенович — Бизнес және цифрлық технологиялар жоғары мектебінің деканы;
• Нарбинова Миргүл Майдановна — Құқық және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы;
• Айтжанова Томирис — халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры;
• Филиппи Карина — «TAU Startup Battle» 2025 байқауының жеңімпазы;
• Сымбат Дамир — «TAU Startup Funding Challenge» 2025 байқауының жеңімпазы.

Қосымша ақпарат

2025 жылғы байқауда қатысушылар не ұсынды
2025 жылғы финалда Қазақстанның әртүрлі қалаларынан — Астанадан Таразға дейін — қатысушылар 5 жоба ұсынды. Әр жоба нақты әлеуметтік, білім беру немесе технологиялық мәселені шешуге бағытталды. Тақырыптар қатарында: қала құрылысы саласындағы жасанды интеллект, телемедицина, мамандық таңдау, экологиялық энергия және балаларға арналған қауіпсіздік жүйелері болды.

2025 жылғы байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Жеңімпаздар:
1 орын — «Ventrix қалақсыз жел генераторы» жобасы
Авторы: Ошан Диана. Жоба «Үздік таныстырылым» номинациясында да жеңімпаз атанды.

2 орын — «EarlyBirds» жобасы
Команда: Тутаева Мариам, Лесбек Ару. Жоба «Іске асыру моделінің негізділігі» номинациясында да жеңімпаз атанды.

3 орын — «FuturePath School» жобасы
Авторы: Талғатыұлы Мақсат. Жоба «Идеяның бірегейлігі» номинациясында да жеңімпаз атанды.

Арнайы номинациялар:
«Әлеуметтік маңыздылығы» — «SafeStep» жобасы
Авторы: Нұрасыл Мейрамбек

«Масштабталуы» — «Эндокриндік ауруларды ерте скринингке арналған Telegram-бот» жобасы
Команда: Еркінқызы Назым, Нұрболат Нарлен

Өтінім беріп, «TAU-InnoHub School 2026» байқауында өз стартапыңызды таныстырыңыз!

Байланыс:
профессор Константин Шебеко
«Тұран-Астана» университетінің кәсіпкерлік орталығының жетекшісі
k.shebeko@tau-edu.kz