Құрметті әріптестер, докторанттар, магистранттар мен студенттер! Сіздерді Республика күнімен құттықтаймын!
Құрметті әріптестер, докторанттар, магистранттар мен студенттер!
Сіздерді Республика күнімен құттықтаймын!
1990 жылы 25 қазанда Қазақстан барша Әлемге егемендік алғандығы туралы паш етті. Осы күннен бастап халқымыз өз жерімізде ұлтымыздың ұлы арманы Тәуелсіздікке қол жеткізіп, жаңа мемлекет құра бастады.
Бұл тарихи оқиғаға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлттық мәртебе беріп: «Мерекелік күнтізбеде Республика күнінің қайта оралуы - тарих сахнасында әділетті болатынын» атап өтті.
Республика күні жаңа егеменді және тәуелсіз ел – Қазақстан Республикасының дүниеге келуін айқындап, дербестігі мен жасампаздығы игі, берекелі істерге жалғасқан мерекеге айналды.
Елімізде әрқашан бейбітшілік орнап, бірлік пен келісімде тарихымыз бен рухани мұрамызды қастерлеп, жас ұрпаққа табыстау басты құндылығымыз болып қала берсін.
Сіздерге қашан да мейірім, табыс, береке серік болсын!
Республика күні жақсылыққа жалғассын!