Бағдарламаға тоқталсақ
6М051000 "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша магистрлер кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:
Ұйымдастыру-технологиялық қызмет. Магистр дұрыс басқару шешімдерін қабылдаудың, индикативтік және стратегиялық жоспарлаудың ғылыми-әдістемелік талдау базасын құру бойынша жұмысты білікті ұйымдастыру үшін қажетті дағдыларға ие.
Әлеуметтік-экономикалық процестерді басқару технологиясын жетілдіру, әлеуметтік - экономикалық процестерді басқару технологиясын қалыптастыру, мемлекеттің макроэкономикалық, инновациялық-инвестициялық, өңірлік-сыртқы экономикалық саясатын қалыптастыру;
Өндірістік-басқару қызметі. Магистр өндірістік процесті тиімді ұйымдастыру, тауарлар мен ақылы қызметтерді өткізу, сыртқы экономикалық байланыстар, экономикалық агенттердің қаржылық жағдайын жақсарту, сондай-ақ микро-макроэкономикалық деңгейде шаруашылықты басқару механизмдерін жетілдіру бойынша қызметті жүзеге асырудың білімдері мен дағдыларына ие; орта-ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді, оларды жүзеге асыру механизмдерінің құрамы мен пайдалану жолдарын анықтай алады.
Ғылыми-зерттеу қызметі. Магистр белгілі бір әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды талдау, синтездеу және болжау әдістерін кеңінен қолдану негізінде таңдалған мәселе бойынша зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады, ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарының, халықаралық және мемлекетаралық зерттеу ұйымдарының, уақытша шығармашылық ұжымдардың құрамында өз қызметін жақсы ұйымдастырады, олардың негізгі нәтижелерін қорғау мақсатында дербес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді;
Білім беру (педагогикалық) қызметі. Магистр білім беру және педагогикалық қызметті жүргізу үшін қажетті оқу-ғылыми әлеуетке және практикалық дағдыларға ие.
Паспорт образовательной программы "Государственное местное управление"