Қызықты

 

Ақын Ерлан Жүністің «Жүрегіңді сақта...» атты поэтикалық кеші 1 қараша күні сағат 16.00-де Б корпусының 208 ауд. өтеді.    

Ақын туралы: Ерлан Жүніс – 1984 жылдың 7 қарашасында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында дүниеге келген. М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Әлем тілдері» факультетін тәмәмдаған.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты. Үш дүркін Мемлекеттік Стипендия иегері. Халықаралық «Шабыт» (VIVAT) фестивальінің «Әдебиет» номинациясы бойынша Гран-При және Президент Кубогының иегері.

«Жыр-Перзент», «Киелі түндердің дұғасы», «Хауас», «Ғаусар», «Үміт жырлары», «Энтелехия», «Арманшыл таңның бұлттары» атты жыр кітаптары жарық көрген.

Мақсаты: Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Жастар жылы аясында студенттерге қазіргі қазақ поэзиясының дара өкілі Ерлан Жүністің шығармаларын насихаттай отырып, әдебиетке баулу; Жастардың рухани өресін кеңейту, шығармашылығын өз деңгейінде дамыту.

Кеш жүргізушілері:

Жас ақын, «Мәдениет порталының» тілшісі – Индира Жуазбай

Ақын, Қазақ радиосының алтын дауыс иегері – Ғалымхан Манай

Өнерпаздар тізімі:

Ақын, Атырау өңірінен қонақ – Қалқажан Саржанова

Ақын, «Тәңірқұт» жыр-жинағының авторы – Арман Шеризат

Жас ақын, журналист – Нұрсұлтан Рахымбай

Көркем сөз оқу шебері – Мәншүк Тілейхан

Көркем сөз оқу шебері – Рауан Ақан

Басқару колледжінің «Жас қаламгер» әдеби ұйымының жастары

ЕҰУ, «Алқа» әдеби сазды ұйымының студенттері

ЕҰУ, 2 курс студенті Мыңғара Бақытжамал

ЕҰУ, Журналистика факультетінің студенті Жүнісхан Айтолған

«Тұран-Астана» университетінің студенті Айдана Оспан

Контакт - центр