Қызықты

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР МЕН "TAU" УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ,
 

Сіздердің ыңғайлығыңыз үшін жатақхананың 3 түрін ұсынамыз:

 

  Университеттен 5-минуттық жаяу қашықтықта орналасқан
  студенттік жатақхана.
  Бөлмелер швециялық IKEA жиһазымен жабдықталған.
  Кір жуу бөлмесі, ас үй, демалыс бөлмесі мен ортақ санитарлық
  торап бар. Қыздар мен бозбалалар бөлек секторларда тұрады.

Ай сайынғы төлемақы - 10 000 теңге, бөлмеде 3 адамнан (орташа бөлмелер)
6 адамға дейін тұруға болады (үлкен бөлмелер).

Басқа аймақтардан келген 1 курс студенттеріне орындар басымдықпен
қоныстандыру тәртібімен беріледі.

Бөлмелер санаулы, брондау үшін берілген телефон нөмірлеріне
хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7172) 39 51 10, 8 702 912 39 97 - WhatsApp бар.

 

   Қоныстандырудың 2-ші түрі - Хан Шатыр аймағында 
   орналасқан қыздар кампусы.
   Ас үй, кір жуу мен демалыс бөлмелері, санитарлық торап,
   жеке кеңістігі бар жайлы төсек орындар. 
   Қыздар кампусында сонымен қатар паркинг бар, 

бөлмелер күнделікті жиналады. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін
бейнебақылау жүргізіледі, күзет жұмыс істейді.
Кампус астананың негізгі көрнекі жерлеріне жақын орналасқан.
Ай сайынғы төлемақы - 20 000 теңге. Бөлмелерде 4-6 қыз орналаса алады. 

1-4 курс студент қыздарына арналған.
Брондау үшін берілген телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:
8 (7172) 39 51 10, 8 702 912 39 97

 

   Қоныстандырудың 3-ші түрі - университеттен 20-минуттық жерде
   (автобуспен) 16 мектеп аймағында орналасқан ерлер кампусы.
   Ерлер кампусында тұрғындардың ыңғайлығы үшін барлық жағдай
   жасалған: ас үй, кір жуу мен демалыс бөлмелері, санитарлық торап.
   Бөлмеде 4 адам жайғаса алады.

Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүргізіледі. 
Ай сайынғы төлемақы - 20 000 теңге. 
1-4 курс студенттерге арналған.
Брондау үшін берілген телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:
8 705 633 15 25, 8 702 671 43 90.

Контакт - центр