Қызықты

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕП АРАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БОЙЫНША СЫЗУ ПӘНІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН КОНКУРС:

«Тұран-Астана» университеті (TAU) 11-сынып оқушыларын 17–18 наурыз күндері Астана қаласында өтетін ҰБТ-ның бейіндік пәндері бойынша офлайн олимпиадаларға қатысуға шақырады.

Жеңімпаздарға университеттің ішкі гранттары мен жеңілдіктері ұсынылады:
1-орын – оқу ақысының бірінші жылына ректор гранты,
2-орын – оқу ақысының бірінші жылына 50% жеңілдік,
3-орын – оқу ақысының бірінші жылына 30% жеңілдік.

*Міндетті шарт: кемінде 100 балл жинаған ҰБТ сертификатының болуы (әр пәннен кемінде 5 балл, оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл), сондай-ақ сертификатта олимпиада пәнінің көрсетілуі.

Қатысу үшін admissions@tau-edu.kz электрондық поштасына немесе WhatsApp арқылы +7 702 912 39 97 нөміріне (Сауле Сенбековна) қатысушының ТАӘ-сі, олимпиада пән(дер)і, мектебі, оқу тілі, ұялы телефон нөмірі, e-mail және ілесіп келетін мұғалімнің деректері көрсетілген өтінімді жолдау қажет.