Астана, Казахстан +7 700 139 51 10 admissions@tau-edu.kz
TAU TURAN-ASTANA UNIVERSITY
Қызықты

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ

2026 жылғы 5 қарашада «Тұран-Астана» университетінде бітіруші курс студенттеріне арналған жастарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық кездесу өтеді.

Кездесу барысында қатысушылар мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, субсидияланатын жұмыс орындарының түрлері, кәсіптік білім алу мүмкіндіктері, сондай-ақ жұмыс іздеуші ретінде тіркелу тәртібі туралы ақпарат алады.

Бітірушілерге алғашқы кәсіби тәжірибе жинауға, еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды дамытуға және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыруға көмектесетін бағдарламаларға ерекше назар аударылады.

Кездесу бағдарламасында:

  • жастар практикасы;
  • субсидияланатын жұмыс орындары;
  • кәсіптік және онлайн оқыту мүмкіндіктері;
  • Enbek.kz порталында тіркелу тәртібі;
  • құжаттарды дайындау және жолдама алу;
  • жұмыс іздеу бойынша практикалық ұсынымдар;
  • қатысушылардың сұрақтарына жауаптар.

Спикерлер:

  • Мерхат Айгерім;
  • Мұханбетжанова Диана Қанатқызы — Астана қаласының «Байқоңыр» және «Сарыарқа» аудандары Мансап орталығының өкілдері.

Күні: 2026 жылғы 5 қараша

Уақыты: 15:10

Өтетін орны: «Тұран-Астана» университеті, 208 В аудиториясы.

Уйымдастырушылар: «Тұран-Астана» университетінің Практиканы үйлестіру және бизнес-серіктестік орталығы — Елшибекова Құралай Жанатқызы және Каиржанов Тамирлан Сайранбекұлы.

 

Бітіруші курс студенттерін кездесуге қатысып, кәсіби қызметті табысты бастауға арналған қолжетімді мүмкіндіктер туралы өзекті ақпарат алуға шақырамыз.