Қызықты

БОЛАШАҚ ЗАҢГЕРДІҢ МАНСАПТЫҚ БАСТАУЫ: КӘСІБИ ТҮЙІНДЕМЕ МЕН ПОРТФОЛИО ДАЙЫНДАУ

«Тұран-Астана» университетінде болашақ заңгерлердің кәсіби дамуына және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына бағытталған семинар-тренинг өтеді.

 

 Спикер:

Әбсаттарова Нұргүл Құрманбайқызы - Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Алматы» - «Сарайшық» аудандарының мансап орталығы» Жұмыс берушілерді қолдау секторының басшысы.

 

Семинар-тренинг барысында:

Кәсіби түйіндемені дұрыс құрастыру;

Портфолио дайындау және жетістіктерді тиімді көрсету;

Жұмыс берушінің назарын аудару жолдары;

Еңбек нарығында табысты мансап бастаудың негізгі қадамдары қарастырылады.

 

Күні: 15 қазан 2026 жыл

Уақыты: 16:00

Өтетін орны: Сот залы

 

Ұйымдастырушылар:

Елшибекова Құралай Жанатқызы,

Каиржанов Тамирлан Сайранбекұлы

 Кәсіби болашаққа бастар алғашқы қадамды бүгіннен бастаңыз! Өз мүмкіндіктеріңізді танытып, мансаптық жетістікке бірге қадам басайық!

A